Бейжіңде Орталықтың ауылдық жұмыс жөніндегі жиналысы өтті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 30 желтоқсан

30 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Жыл сайын өтетін Орталықтың ауылдық жұмыс жөніндегі жиналысы 29-30 желтоқсан аралығында Бейжіңде өтті. Онда Қытайдың 2026 жылғы ауылдық жұмысының басым бағыттары белгіленді.

Қытай Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы, Мемлекет төрағасы, Орталық Әскери комитет төрағасы Си Цзиньпин ауыл шаруашылығы, ауылдық жерлер және фермерлерге қатысты жұмыстар бойынша маңызды нұсқаулар берді.

Си Цзиньпин 2026 жыл «15-інші бесжылдық» жоспардың (2026-2030 жылдар аралығы) басталған жылы екенін, сондықтан ауыл шаруашылығы, ауылдық жерлер және фермерлер жұмысын жақсы істеу өте маңызды екенін атап өтті. Ол ауыл шаруашылығы мен ауылдық аумақтарды жаңғырту бағытын берік ұстанып, ауылдық жерлерді кешенді жандандыруды нық алға жылжыту және қала мен ауылды тоғыстырып дамытуды ілгерілету қажеттілігін атап көрсетті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото