Өзбекстан шенеунігі және ғалымы Қытай Ғылым академиясының шетелдік академигі болып сайланды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 21 қараша

21 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Ғылым академиясының ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Өзбекстанның жоғары лауазым иесі және ғалымы Иброхим Абдурахмоновқа Қытай Ғылым академиясының шетелдік академигі атағы берілген.

Жұма күні Қытай Ғылым академиясы жариялаған тізімге сәйкес, И.Абдурахмонов Франция, Швеция, АҚШ, Ұлыбритания және басқа да елдерден келген 26 ғалыммен бірге марапатқа ие болды.

Мәліметтерге сәйкес, ғылыми атаққа ие болған өзбекстандық И.Абдурахмонов (1975 жылы туған) биология ғылымдарының докторы, профессор, академик. Оның зерттеу саласы молекулалық генетика мен молекулалық биотехнологияны қамтиды. И.Абдурахмонов–қазіргі уақытта Өзбекстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото