- Барлық ақпарат
Алматы Дүниежүзілік туристік альянстың толыққанды мүшесі атанды

2025 жылы Қазақстанның Алматы қаласы Дүниежүзілік туристік альянсқа (World Tourism Alliance) мүше атанды.
Қазір Қытайдың Ханчжоу қаласында WTA 2025 іс-шарасы өтіп жатыр. Оның аясында Алматыға Альянс құрамына қабылданғанын растайтын сертификат ресми түрде табысталды.

ҚазАқпарат мәліметіне сәйкес, мегаполис туризмнің тұрақты дамуын қолдауға бағытталған 41 елден 251 мүшені біріктіретін халықаралық үкіметтік емес ұйымға толыққанды мүше болды.

— Бұл қаланың талдамалық дерекке, білім беру ресурсына және халықаралық әріптестікке қол жеткізуіне мүмкіндік береді. WTA мемлекеттік құрылымдар мен бизнес өкілдерін және сарапшылар қауымдастығын біріктіреді. Ұйым халықаралық туризмді дамытуға ықпал етеді, зерттеулер жүргізеді, кеңес береді және маман даярлау ісімен айналысады, сондай-ақ мемлекеттік және жеке сектор арасындағы кооперацияны нығайтады, — деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Фото: Алматы әкімдігі
people.cn © People's Daily Online



