Қытай СІМ өкілі: Жапондық теңіз өнімдері Қытайға экспортталса да, оларға нарық болмайды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 20 қараша

20 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мао Нин 19 қарашада өткен кезекті баспасөз мәслихатында қазіргі жағдайда жапон теңіз өнімдері Қытайға экспортталса да, оларға нарық болмайтынын айтты.

Мао Нин Жапония бұған дейін Қытайға экспортталатын теңіз өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін олардың нормативтік міндеттемелерін орындауға уәде бергенін атап өтті. Бұл - жапон теңіз өнімдерін Қытайға жеткізудің міндетті шарты.

«Бірақ Жапония осы уақытқа дейін уәде еткен тиісті техникалық материалдарды ұсынған жоқ», - деді СІМ өкілі сөзін сабақтап.

Мао Нин бұдан әрі Жапония Премьер-министрі Такаши Санаэың Тайвань сияқты маңызды мәселелер бойынша жақында айтқан қате сөздері Қытай халқының қатты наразылығын тудырғанын атап өтті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото