- Барлық ақпарат
Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері — World Vocational College Skills 2025 халықаралық чемпионатында қола медаль алды

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенттері ҚХР-дың Тяньцзинь қаласында өткен World Vocational College Skills Competition 2025 халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
World Vocational College Skills — техникалық университеттер мен колледждерге кадрлар даярлау саласындағы ең ірі халықаралық іс-шара. Биылғы жылы сайыс рекордтық көрсеткішке жетіп, 76 елден 8956 команда, 33 мыңнан астам қатысушы келді.

«Электромобильдер» құзыреттілігі бойынша Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың «Лубань» шеберханасының студенттері Қазақстан атынан лайықты өнер көрсетті. Нәтижесінде қола медаль жеңіп алды.

Бұл жетістікке қол жеткізуде «Лубань» шеберханасының рөлі ерекше. Ол ШҚТУ базасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Тяньцзинь кәсіптік институтының қолдауымен құрылған. Шетелдік білім беру филиалдары, бірлескен шеберханалар және халықаралық дайындық бағдарламалары қазіргі таңда бәсекеге қабілетті инженер кадрларын қалыптастыруда стратегиялық рөл атқарады. Олар заманауи жабдыққа, технологияларға және оқыту әдістемелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етіп, қазақстандық жастарға әлемдік кәсіби аренаға жол ашады.
Фото:Шығыс Қазақстан техникалық университеті
people.cn © People's Daily Online



