- Барлық ақпарат
Шанхай Линьган жаңа аймағы халықаралық жастар практикасын ұйымдастыру бойынша жаңа бастамаларды көтерді

18 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 17 қараша күні 2025 жылғы Линьган жаңа аймағы халықаралық таланттар инновациялары және кәсіпкерлік алмасу конференциясы сәтті өтті. Кездесу барысында әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас дарындарды Линьганда тағылымдамадан өтуге шақыратын шара түрлері («Кішкентай көк кит» жоспары деп аталады) жарияланды. Конференцияға әлемнің 55 елінен 130-дан астам шетелдік студенттер қатысты.
Линьган жаңа аумағының мақсатына келер болсақ университет студенттері үшін кемінде 500 тағылымдамадан өтетін және тәжірибе көретін базаларды салу. 10 000-нан астам жоғары оқу орындарының студенттерін Линьганда тағылымдамадан өтіп, тәжірибе жинауға тарту.
Жиналыстан тілшінің алған мәліметіне сәйкес, осы уақытқа дейін жаңа аумақта 140 000-нан астам жас таланттар тартылып, ел іші, сыртынан 700-ден астам жоғары деңгейлі жастар қатысып, шетелдік студенттер 300-ден астам кәсіпорын құрған. Халықаралық таланттарға қызмет көрсету жүйесі үнемі жетілдіріліп, кәсіпкерлік экология тиісінше оңтайландырылып отырады.
people.cn © People's Daily Online



