Қазақстанның ЖІӨ өсімі 2025 жылдың 10 айында 6,4%-ды құрады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 13 қараша

ҚР Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша, 2025 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға өсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі хабарлайды, деп жазды Kazakhstan Today ақпараттық агенттігі.

Тауарлар өндірісі 8,2%-ға, қызмет көрсету 5,3%-ға артты.

ЖІӨ-нің өсуіне анағұрлым ең көп үлесті өнеркәсіп (өсім 7,3%) саласы қосты, оның жалпы өсімдегі мөлшері - 30%. Ал сауда және көлік салаларымен қосқанда 70%-дан асады.

Өңдеу өнеркәсібінде өсім 5,8% болды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото