АҚШ адам құқықтары жөніндегі талқылауға қатыспады: БҰҰ АҚШ-ты ынтымақтастықты қайта бастауға шақырды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 13 қараша

13 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесі 7 қараша күні АҚШ-қа қарата төртінші кезекті Әмбебап мерзімді қайта қарауын(Universal Periodic Review)өткізуі керек еді, бірақ Америка Құрама Штаттарының өкілі тиісті отырысқа қатысудан бас тартып, бұл жиналыс қалыпты өткізілмей қалды. Сол күні Адам құқықтары жөніндегі кеңес АҚШ-ты Әмбебап мерзімді қайта қарау (Universal Periodic Review)механизмімен ынтымақтастықты қайта бастауға шақыратын шешім қабылдады.

Кездесуге АҚШ өкілдері қатыспағандықтан, 7 қараша күніне бекітілген интерактивті қайта қараудың процесін қалыпты жүргізу мүмкін болмады. Отырыста осы жағдайға байланысты Адам құқықтары жөніндегі кеңеске мүше 47 мемлекеттің консенсусымен шешім қабылдады.

Осыған қатысты сұрақтарға 11 қараша күні өткен кезекті баспасөз мәслихатында Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Линь Цзянь пікір білдірді. Өкілдің пікіріне сәйкес, Америка Құрама Штаттары бір жағынан әртүрлі елдердегі адам құқықтарының жай-күйін талқылау үшін «жылдық адам құқықтары туралы есеп» деп аталатын құжатты албаты әзірлегенімен, екінші жағынан Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары жөніндегі органымен ынтымақтастық жөніндегі міндеттемелерін орындаудан бас тартып, өзінің адам құқықтарына шынымен мән бермейтінін және Біріккен Ұлттар Ұйымының механизмі өзіне пайдалы болса қолданып, зиянды болса, бас тартатын типтік қос стандартты ұстанатынын көрсетеді.

Қытай Америка Құрама Штаттарын Әмбебап мерзімді қайта қарау (Universal Periodic Review)механизмімен ынтымақтастықты мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіруге, барлық тараптың қадағалауын қабылдауға және өз еліндегі адам құқықтарының бұзылуын белсенді түрде шешуге шақырады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото