Импорт көрмесі өзара сауда-экономикалық серіктестікті тереңдетудің маңызды алаңы

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 6 қараша

Шанхайда 8-ші Қытай халықаралық импорт ЭКСПО-сы (CIIE) өз жұмысын басталды.

Қазақстан үшін бұл көрме – Қытаймен өзара сауда-экономикалық серіктестікті тереңдетудің маңызды алаңы, деп хабарлайды nazarmedia.kz.

Шара барысында қазақстандық компаниялар өздерінің экспорттық әлеуетін таныстырып, азық-түлік, ауыл шаруашылығы өнімдері, металлургия, жеңіл өнеркәсіп және логистика салаларында жаңа серіктестермен келісімдер жасасуда.

Қазақстандық делегация өкілдері атап өткендей, Қытайдың импортты кеңейту саясаты мен ашық нарықтық стратегиясы Орталық Азия елдері үшін экспорт көлемін ұлғайтуға нақты мүмкіндік береді.

8-ші Қытай халықаралық импорт ЭКСПО-сы — тек сауда алаңы ғана емес, сонымен бірге жаңа идеялар, технологиялар және экономикалық серіктестіктердің тоғысқан орны.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото