Қазақстан республикасында ресми түрде жалпыұлттық нышандар бекітілді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 6 қараша

Сурет sputnik.kz-тен алынды

ҚР Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Sputnik.

Құжатта жалпыұлттық нышандардың мынадай тізімі айқындалады:

Ұлттық ұран – "Алға, Қазақстан!";

Ұлттық түстер – аспан түстес көк, алтын сары түс;

Ұлттық кітап нышаны – Абайдың "Қара сөздері";

Ұлттық бірлік нышаны – шаңырақ;

Ұлттық музыкалық аспап нышаны – домбыра;

Ұлттық өсімдік нышаны – қызғалдақ;

Отандық өнім шығарудың ұлттық белгісі – "Қазақстанда жасалған", "Made in Qazaqstan";

Ұлттық хэштег – #Qazaqstan, #Kazakhstan.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото