Қытай Бақты порты арқылы Орталық Азияға химиялық өнімдерді экспорттаудың жаңа арнасын ашады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 5 қараша

5 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шыңжаңның Тарбағатай аймағындағы Бақты портынан 45 тонна қосылған құны жоғары полиолефин өнімдері тиелген екі жүк көлігі жолға шығып, Өзбекстанға бет алды. Бұл полиолефин өнімдерінің осы порт арқылы Орталық Азияға бірінші рет тікелей жөнелтіліп отыр. Осылайша Ұлттық энергетикалық топтың Орталық Азия нарығында кеңеюі үшін тиімді жаңа арна қосылды.

Ақпаратқа сәйкес, жаңа арна 10 минуттық жылдам кедендік рәсімдеуге және бүкіл жұмыс процесінде «нөлдік қателіктерге» қол жеткізе алады.

2025 жылдың қазан айының соңындағы жағдай бойынша, Ұлттық энергетикалық топ бес порт арқылы Орталық Азияға экспорттық арналарды сәтті ашты. Экспортталатын полиолефинді химиялық өнімдер 13 санатты қамтиды, олар азық-түлік қаптамасында, тұрмыстық техника өндірісінде және басқа да күнкөріс және өнеркәсіптік салаларда кеңінен қолданылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото