- Барлық ақпарат
Қытай шетелдіктердің елге кіру карталарын онлайн тіркеуді жүзеге асырады

3 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Ұлттық иммиграция басқармасы (Қытай Халық Республикасының кіру және шығу басқармасы) бүгін 2025 жылдың 20 қарашасынан бастап шетелдіктер Қытайдың Ұлттық иммиграциялық басқармасының үкіметтік веб-сайты, мемлекеттік қызмет көрсету платформасы, «иммиграциялық қызмет 12367» қосымшасы және WeChat (Alipay) апплеті, ұялы телефон арқылы Қытайға кіруге қатысты картаның кодтарын сканерлеп, кіру ақпараттарын онлайн режимде толтыра алатынын хабарлады.
Онлайн тіркелу шарттары жоқ шетелдіктер Қытай портының кіру-шығу шекарасын тексеру пунктіне келген кезде ұялы телефонымен QR-кодын сканерлеп толтыра алады немесе сондағы смарт құрылғыларды пайдаланып онлайн кіру ақпаратын толтыра алады. Ал шетелдіктер қағаз жүзіндегі кіру картасын толтырса да болады.
Шетелдіктерге мынадай жағдайларда толтыру міндеттелмейді: Қытай Халық Республикасының тұрақты тұру жеке куәлігін алған шетелдіктер, топтық виза иелері немесе топтық визасыз кіруге рұқсаты барлар, 24 сағаттық тікелей транзиттікпен кіріп, порттың белгіленген аумағынан шықпайтындар, круиздік кемемен елге кіргендер әрі сол круиздік кемемен қайтатындар, кіру-шығу тасымалдау құралдарында жұмыс істейтін шетелдік қызметкерлер.
people.cn © People's Daily Online



