- Барлық ақпарат
ҚКП Орталық комитеті Ұйымдастыру бөлімінің басшысы Қытай – Орталық Азия саяси партиясының диалогына қатысқан шетелдік өкілдермен кездесті

31 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік Партиясы Орталық комитеті Саяси Бюросының мүшесі және ҚКП Орталық комитеті Ұйымдастыру бөлімінің басшысы Ши Тайфэн 30 қазан күні Бейжіңде Қытай-Орталық Азия саяси партиясы диалогының екінші отырысына қатысқан шетелдік өкілдермен кездесті.
Ши Тайфэн Қытай-Орталық Азия ынтымақтастығы жоғары сапалы дамудың жаңа кезеңіне аяқ басқанын айтты. Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Азия елдеріндегі саяси партиялармен «Қытай-Орталық Азия рухын» алға жылжыту, партия мен елді басқаруда тәжірибе алмасуды тереңдету және жоғары сапалы дамумен ортақ модернизацияны ілгерілетуге саяси партиялардың даналығы мен күшін қосатынын айтты.
Ши Тайфэн сонымен қатар Қытай Коммунистік Партиясы ХХ Орталық комитетінің төртінші пленарлық отырысының рухын таныстырды.
Шетелдік тараптар Қытаймен алмасу мен ынтымақтастықты тереңдетуге және ортақ модернизацияны ілгерілету үшін бар күш-жігерін салуға дайын екенін білдірді.
Фото: Синьху
people.cn © People's Daily Online



