Шыңжаң елдің суық және салқын аймақтарында жүгеріні кең көлемде өндіру бойынша жаңа рекорд орнатты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 15 қазан

15 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Бірнеше күн бұрын Қытай ауылшаруашылық университетінің, Ляонин ауылшаруашылық ғылымдары академиясының, Шыңжаң ауылшаруашылық мелиорация академиясының және басқа бөлімшелердің аға сарапшылары Қаба ауданының Құлбай қалашығындағы Ақтөбе ауылында жүгерінің өнімділігін арттыру бойынша ауқымды демонстрациялық егін аумағында 6,66 гектар, 66,6 гектар, 666 гектар алқап бойынша нақтылы тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесі бойынша, стандартты ылғалдың 14%-ын алып тастағанда, демонстрациялық алаңның орташа өнімділігі сәйкесінше 1551,54 кг, 1506,09 кг және 1405,78 кг құрады. Бұл ұлттық суық аймақтағы ауқымды өндірістің рекорды.

Бұл сондай-ақ Шыңжаңның үш жыл қатарынан рекорд жаңалауы. 2023 және 2024 жылдары рекордтар Қаба ауданының Құлбай қалашығындағы Сартақтай ауылында және Арасан ауданының Әңгілік қалашығындағы Әңгілік ауылында орнаған болатын.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото