Күз ортасы фестивалі

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 6 қазан

6 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Бәріңе сәлем, мен тағам мәдениетін жақсы көретін Кукумын! Бүгін жыл сайынғы - күз ортасы фестивалі. Қытайдың дәстүрлі мерекелік тағамдары мол. Қазір бір минутта сізбен бірге осы мерекенің маңызды астарының дәмін сезінейік!

Қытай күнтізбесі бойынша ескіше күнтізбенің тамыз айы күздің ортасы әрі күздің екінші айы саналады. Сондықтан ескіше күнтізбенің 15 тамыз күнін «күз ортасы фестивалі» деп атаған. Отбасылық қауышу - әрқашан күз ортасы мерекесінің мәңгілік тақырыбы. Бұрын адамдар айдың толуын қауышудың символы ретінде қарастырған, сондықтан 15 тамыз күз ортасы мерекесі немесе «кездесу мерекесі» деп те аталады. Бұл әдет-ғұрып Чжоу әулетіндегі айға табыну рәсімінен бастау алады. Әдебиетшілердің романтикалық қиялы арқылы «Чанъэның айға ұшуы», «Айдағы қоянның дәрі түюі» сияқты мифтер мен аңыздар біртіндеп тарай бастады. Содан бері ай сәулесінің астындағы әрбір ай күлшелері өзіндік көркемдік мән алды.

Күз ортасы фестивалі дастарханындағы басты тағам - ай күлшесі. Біздің елде ай күлшелерінің бірнеше түрі бар, оларды тек шығу тегі мен дәміне қарай ғана емес, сонымен қатар ішіне салынатын дәмдері мен сыртқы қамырына қарай да бөлуге болады. Жыл сайын осы күні Қытайдың солтүстігі мен оңтүстігі арасында «тәтті ме, әлде ащы ма?» деген пікірталас қыза түседі.

2008 жылы күз ортасы фестивалі ұлттық мерекеге айналды. Цинь әулетіне дейінгі пайда болған айға табыну рәсімі әлдеқашан ел шекарасын еңсерді.

Бүгін кешке қолыңызда қандай тағам болса да, басыңызды көтерсеңіз, аспанда жалғыз айды тамашалай аласыз, ал жерге қарасаңыз, сан мыңдаған шамдар. Баршаңызды күз ортасы мерекесімен құттықтаймын! Айларыңыз толып, жұлдыздарыңыз жарық болсын! Келесі мерекеде кездескенше!

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото