Қытай 50 шетелдік сарапшыны «Достық сыйлығымен» марапаттады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 1 қазан

1 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай үкіметінің 2025 жылғы «Достық сыйлығының» марапаттау рәсімі Бейжіңде 30 қыркүйек күні өтті. Медальдар Қытайдың дамуына қосқан ерекше үлесі үшін 50 шетелдік сарапшыға берілді.

ҚХР Мемлекеттік кеңестің мүшесі Шэнь Ицинь шетелдік сарапшыларға марапаттарды тапсырып, сөз сөйледі.

Шэнь Ицинь көптеген шетелдік сарапшы Қытай халқымен бірлесіп жұмыс істегенін және Қытай үлгісіндегі модернизацияға, сондай-ақ Қытай мен шетел арасындағы достық алмасулар мен ынтымақтастыққа маңызды үлес қосқанын атап өтті. Біз бұл еңбекті ешқашан есімізден шығармаймыз деп атап көрсетті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото