Орталық комитеттің төртінші пленумы Бейжіңде 20-23 қазан аралығында өтеді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 30 қыркүйек

30 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік Партиясының Саяси Бюросы 29 қыркүйекте Ұлттық экономикалық және әлеуметтік дамудың он бесінші бесжылдығындағы негізгі мәселелерді зерделеу және тұжырымдау мақсатында жиналыс өткізді. Жиналысқа Қытай Коммунистік Партиясының Бас хатшысы Си Цзиньпин төрағалық етті.

Отырыста Қытай Коммунистік Партиясы жиырмасыншы Орталық комитетінің төртінші пленарлық отырысы Бейжіңде 20-23 қазан аралығында өтеді деп шешілді.

Қытай Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің Саяси Бюросы «Қытай Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің Ұлттық экономикалық және әлеуметтік дамудың Он бесінші бесжылдығын тұжырымдау жөніндегі ұсыныс» жобасы бойынша партия ішінде және одан тыс жерлерде жиналған пікірлер туралы баяндаманы тыңдады. Осы отырыста талқыланған пікірлер негізінде құжат жобасы қайта қаралғаннан кейін ҚКП 20-сыншы Орталық комитеттің төртінші пленарлық отырысына ұсыну туралы шешім қабылданды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото