Қазақстанның Қытайдағы елшісі Сицзанға мәдени және туристік ынтымақтастықты тереңдету мақсатында сапармен барды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 29 қыркүйек

29 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев Сицзан автономиялық регионына жасаған бес күндік сапарын аяқтады. Тілшілерге берген сұқбатында ол Сицзанның модернизация, қоршаған ортаны қорғау және мәдени мұра салаларында керемет жетістіктерге жеткенін айтты. Ол туристік ынтымақтастықты негіз ете отырып, Қазақстан мен Сицзан арасында көптеген саладағы ынтымақтастықты тереңдетуді ұсынды.

Шахрат Нұрышев Лхаса, Нинчи және басқа жерлердің заманауи келбеті терең әсер сыйлағанын айтты. «Лхасаның әр бұрышынан жаңадан жөнделген жолдарды, жаңа мектептер мен кешенді ғимараттарды көруге болады. 2002 жылғы алғашқы сапарыммен салыстырғанда, мен бұл жолы үлкен прогресс пен дамуды көрдім», - деді елші.

Экологияны қорғау саласында Нұрышев Яни ұлттық сулы-батпақты саябағына, шөлейттенудің алдын алу және бақылау шараларына назар аударды.

Мәдениетті қорғау туралы айта отырып, Нұрышев Сицзанның тарихи орындарды қалпына келтірудегі және Танка өнеріне мұрагерлік етудегі күш-жігерін жоғары бағалады. Оның айтуынша, дәстүрлі мәдениетті қорғау бүкіл әлемде өте маңызды мәселе. Қытайдың мәдени мұраны қорғау жөніндегі күш-жігері Қазақстанның өз мәдениетін бағалау тұжырымдамасымен сәйкес келеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото