- Барлық ақпарат
Ханчжоудың Батыс көлінде бионикалық робот акулалары су астындағы іздеулер мен қоршаған ортаны бақылауға көмектесіп жатыр
28 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 23 қыркүйекте Ханчжоу Батыс көлінің көркем аймағының қоғамдық қауіпсіздік мекемесі мен Қытай Ғылым академиясының автоматтандыру институты бірлесіп жасаған екі бионикалық робот акулалар көркем аймақтың су астындағы басқаруын және қоршаған ортаны қорғау мүмкіндіктерін жақсарту үшін ресми түрде Батыс көлінде қолданысқа енді.
Бионикалық акуланың денесінің ұзындығы шамамен 60-70 см, салмағы шамамен 4-5 кг. Келбеті табиғи акуладан аумайды. Құйрығы нақты жүзу қалпын модельдеу үшін икемді материалдардан жасалған, ал жүзу жылдамдығы секундына 0,3 метрді құрайды. Оның басы қос камерамен жабдықталған, кедергілерден автоматты түрде айналып өтеді. Жүзгенде шуды аз шығарады әрі су ағынын бұзбайды, сондықтан экологияға зиянсыз.
Бионикалық акула жоғары ажыратымдылықтағы көру сенсорымен және металды анықтау модулімен жабдықталған, ол туристердің суға батқан заттарын, мысалы, ұялы телефондарды, ақша қапшықтары қатарлы заттарын іздей алады. Егер заттар таяз тұнбаға батып қалса, олардың орнын дәл анықтай алады. Сонымен қатар ол нақты уақыт режимінде судың температурасы мен рH мәні сияқты су сапасының көрсеткіштерін бақылап және ауытқулар анықталған жағдайда уақытылы ескерту жасайды.
Батыс көлі көркем аймағының қоғамдық қауіпсіздік мекемесі дәстүрлі қолмен іздеу жұмыстары көп уақытты қажет ететінін және суда қалып қойған электронды заттар ластануды оңай тудыруы мүмкін екенін айтты. Бионикалық робот акулаларды қолдану су астындағы жұмыстардың тиімділігін арттырып, болашақта экологиялық бақылауға, жасырын қауіптерді зерттеуге және басқа салаларға дейін кеңейтіледі.
people.cn © People's Daily Online