Ресей, Қазақстан және Корея Республикасы Саньяға келетін туристердің негізгі көздеріне айналды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 28 қыркүйек

28 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Хайкоу шекара инспекциясы терминалының статистикасына сәйкес, 24 қыркүйектегі жағдай бойынша Хайнаньға биыл 980 000 шетелдік кіріп-шыққан, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46,3%-ға көп. Олардың ішінде визасыз режиммен 395 000 шетелдік болды, бұл елге келетін шетелдік туристердің жалпы санының 88,8%-ы. Негізгі туристер Ресей, Қазақстан және Корея Республикасы елдерінен келіп отыр.

Деректер көрсеткендей, осы жылдан бері Санья әуе порты арқылы 570 000-нан астам шетелдік турист кіріп-шыққан, бұл жалпы кіріп-шығу санының 83%-ын құрайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото