- Барлық ақпарат
Қытайда тағы екі жаңа дүниежүзілік биосфералық қорық пайда болды
28 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- ЮНЕСКО коммюнике 27 қыркүйекте жариялаған мәліметке сәйкес, онда ұйым жақында 26 биосфералық қорықты тіркегені көрсетілген, соның ішінде Қытайдың Дациншань биосфералық резерваты мен Чжоучжы биосферасы бар. Бүгінгі таңда әлемдік биосфералық резерваттар желісіндегі табиғи қорықтардың жалпы саны 785-ке жетті.
Дациншань биосфералық қорығы Ішкі Моңғолдағы Иньшань тау жотасының ортасында орналасқан, ауданы 3900 шаршы шақырымға жуық. Бұл Иньшань тау жотасындағы ең бай биологиялық және экожүйелік әртүрлілікке ие аумақ. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1200-ге жуық түрі, омыртқалылардың 300 түрі және буынаяқтылардың 1800 түрі бар.
Чжоучжы биосфералық қорығы Шэньси өлкесіндегі Цинлинь тауының солтүстік және оңтүстік беткейлерінің түйіскен жерінде орналасқан. Ол шамамен 690 шаршы шақырым аумақты алып жатыр және орманмен қамту деңгейі 96%-ды құрайды. Бұл аймақ жануарлар мен өсімдік ресурстарына бай, оның ішінде Чинлинь пандасы, Сычуань сары сабалақ маймылы, бөкен және басқа да сирек кездесетін түрлер бар.
people.cn © People's Daily Online