- Барлық ақпарат
Шыңжаңның Қызылсу ән-би үйірмесі Қырғызстанда өнер көрсетті
26 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 23 қыркүйек күні Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласындағы Манас театрында «Қытай-Қырғызстан мыңжылдық достығы» атты тақырыптық қойылым өтті. Қойылымға Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы Қызылсу қырғыз автономиялық облысының ән-би үйірмесі ұсыныспен шақырылып, өнер көрсетті. Батырлық жырды қайта сахналау, ән-би қойылымдары, музыкалық аспаптар қойылымдары және т.б. арқылы олар жергілікті актерлермен бірлесіп екі елдің көрермендеріне ерекше мәдени кеш сыйлады.
Қытайдың Қырғызстандағы елшісі Лю Цзянпин өз сөзінде «Манас» ұлттық эпопеясы әлемдік эпостың жауһары, Қытай мен Қырғызстанның ортақ мәдени байлығы екенін айтты. Елші сонымен бірге Қытай Қырғызстанмен мәдени алмасуды үздіксіз тереңдетуге, «Манас» батырлық жырын бірлесіп зерттеуге және қорғауға, екі елдің халқы арасындағы қарым-қатынасты дамытуға және тағдыры ортақ Қытай-Қырғызстан қауымдастығын құруға жәрдемдесуге дайын екенін жеткізді.
people.cn © People's Daily Online