Қазақстанда 2025 China Mobile Орталық Азия ынтымақтастығы конференциясы өтті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 26 қыркүйек

26 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қазақстанның Астана қаласында China Mobile Орталық Азия ынтымақтастығы конференциясы өтті. Қатысушылар Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы цифрлық ынтымақтастық, AI+5G бірлескен экожүйесін құру, «Цифрлық Жібек жолын» салу сынды тақырыптарды бірге талқылады.

China Mobile бас менеджерінің орынбасары Ли Хуэйди өз сөзінде Қазақстан бастаған Орталық Азия елдері цифрлық экономиканы белсенді түрде дамытып жатқанын айтты. China Mobile компаниясы Орталық Азияның цифрлық құрылысына белсенді қатысып, цифрлық интеллект базасын жаңартуға, цифрлық интеллект индустриясының өсуіне және цифрлық интеллект қосымшаларының инновацияларына өз үлесін қосып жатыр.

Кездесуде China Mobile компаниясы Орталық Азияға арналған «Бір терезе конвергенциясы пакетін (Орталық Азия нұсқасы)» алғаш жариялады, «5G жеке желісі + OnePower» платформасы ақылды тау-кен шешімін іске қосты, интеграцияланған ақылды мұнай-химия шешімдері және ақылды паркты шығарды.

China Mobile сонымен қатар тәжікстандық Tcell компаниясымен Қытай-Тәжікстан шекаралық оптикалық кабелінің құрылысын жүргізу туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды; WAYTOUS компаниясымен жүргізушісіз тау-кен көліктері саласындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша өзара түсіністік меморандумына қол қойды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото