- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин Қытайдың ұлттық тәуелсіз жарналарының (NDCs) жаңа раундын жариялады
25 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 24 қыркүйекте ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Біріккен Ұлттар Ұйымының климаттың өзгеруі жөніндегі саммитінде бейне байланыс арқылы сөз сөйледі.
Си Цзиньпин Қытайдың ұлттық тәуелсіз жарналарының (NDCs) жаңа раундын жариялады:
- 2035 жылға қарай Қытай экономикасы бойынша парниктік газдардың таза шығарындылары ең жоғары деңгейден 7-10%-ға төмендейді және одан да жақсы нәтижеге ұмтылады.
- Қазба отынға жатпайтын энергияны тұтыну жалпы энергия тұтынудың 30%-дан астамын құрайды.
- Жел мен күн энергетикасын өндірудің жалпы белгіленген қуаты 2020 жылмен салыстырғанда 6 есеге өсіп, 3,6 миллиард киловаттқа жетуге ұмтылады.
- Орман қоры 24 миллиард текше метрден асады.
Сонымен қатар жаңа энергетикалық көліктер жаңа сату көліктерінің негізгі ағымына айналады. Көмірқышқыл газының шығарындылары бойынша ұлттық сауда нарығы шығарындылары жоғары негізгі салаларды қамтиды және негізінен климатқа бейімделген қоғам құрылады.
people.cn © People's Daily Online