- Барлық ақпарат
Мэйлинь көшесі, Шэньчжэнь: Ескі аумақтан «Ғылыми-техникалық инновацияның басты орталығына» айналу жолы
23 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Сіздің үйіңіздегі болашақ көмекшіңіз мүмкін осы жерде дайындалып жатыр!
Жақында Онлайн «Халық газетінің» тілшілер тобы Шэньчжэнь қаласының Футиан аумағындағы Мэйлинь көшесіне барып, осы дәстүрлі ескі аумақтың «Ғылыми-техникалық инновацияның басты орталығына» айналуының кілтін зерттеді.
Бірегей географиялық артықшылықтарымен және күшті өнеркәсіптік көрсеткіштерімен Мэйлинь көшесі көптеген жоғары технологиялық өндірістік кәсіпорындарды осында шоғырландырды.
Онлайн «Халық газетінің» тілшілер тобы мұндағы негізгі касіпорынның бірі Yushu Intelligent Robot компаниясына барды. Компания нақты интеллектуалды роботтарды зерттеуге және дамытуға бағытталған. Оның өнімдері, мысалы, жүргізушісіз көше сыпырғыштар, интеллектуалды сұрыптау роботтары және т.б., сондай-ақ «толық көріністі ақылды санитарлық шешімдер» жүйесін кемелдендіріп, қаланы ақылды басқаруға ғылыми және технологиялық қолдау көрсетеді.
Тілшілер роботтардың отбасылық қызмет көрсетуі және оларды жаттықтыру барысымен танысты. Бұл көрініс адам мен машинаның бірлескен дайындығын және озық технологиялардың тұрмыстағы қолданысын нақты бейнелейді.
people.cn © People's Daily Online