- Барлық ақпарат
Қытайлық және шетелдік тілшілер Шэньчжэньде Цяньхай «Шэньчжэнь-Сянган Жастар арманы орталығына» барды
23 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Онлайн «Халық газетінің» тілшілер тобы Шэньчжэньге барып, Цяньхай аумағындағы «Шэньчжэнь-Сянган Жастар арманы орталығында» роботтармен, ақылды орындықтармен, шахмат роботтарымен, озық ғылыми және технологиялық жетістіктермен танысты.
«Арнайы аймақтағы ерекше өңір» ретінде Цяньхай әлемнің алдыңғы қатарында болу сынды кәсіпкерлік рухты және адам өміріне бағытталған гуманистік қамқорлықты негіз етіп, әлемнің түкпір-түкпірінен көрнекті таланттарды осында тартып, кәсіп ашуға баурады.
«Шэньчжэнь-Сянган Жастар арманы орталығын» Цяньхай әкімшілігі, Сянган жастар қауымдастығы, Шэньчжэнь жастар федерациясы бірлесе ұйымдастырған, орталық жасанды интеллект, физикалық интеллект, өмір мен денсаулық сақтау технологиялары сияқты негізгі даму салаларына бағытталады. Ол Сянган жастарын ішкі Қытайда бизнес ашу және жұмысқа орналасуға, сондай-ақ ішкі Қытайдың жоғары сапалы ғылыми-техникалық кәсіпорындарын Сянганда дамытуға арналған маңызды платформаға айналып келеді.
people.cn © People's Daily Online