Шэньчжэньдегі «салқын» технология туралы не білесіз?

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 23 қыркүйек

23 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Сахара шөліндегі құмырсқалардың ыстықтан сақтану жүйесінен шабыт алған, электр қуатынсыз салқындату технологиясы.

Жақында Онлайн «Халық газетінің» тілшілер тобы Шэньчжэньге барып, Цяньхай аумағындағы «Шэньчжэнь-Сянган жастар арманы орталығында» соңғы технологиялық өнімдермен танысты, орталықтағы жастардың инновация мен кәсіпкерліктегі жастық жалынына куә болды.

Мұнда электр қуатынсыз салқындату технологиясын әзірлейтін Chuangleng Technology компаниясы тілшілердің назарын аударды. Бұл - Сянганның ғылыми-техникалық инновациялар тобы құрған озық компания. Ол Сахара шөліндегі құмырсқалардың ыстықтан сақтану жүйесінен шабыт алып, электр қуатынсыз салқындату технологиясын жасады. Оның негізін қалаушы және бас директоры Чжу Ихаодың айтуынша, бұл технология құрылыс материалдарына, ұнтақ бояуларда, қаңылтыр мен терезе жабындарында, керамикалық плиткаларға және т.б. қолданылғанын айтты. Сондай-ақ далалы жерлерде жүргенде жеке қорғанысқа арналатын тоқыма бұйымдарға және басқа да өнімдерге қолдануға болатынын айтты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото