- Барлық ақпарат
Фуцзянь өлкесі Еуропаға алғашқы арктикалық теңіз жолын ашты
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 23 қыркүйек
![]() |
23 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 21 қыркүйек күні Фуцзянь өлкесі «Мұздағы Жібек жолын» дамыту аясында Еуропаға алғашқы Арктикалық теңіз жолын ашты. Сол күні таңертең «Стамбул көпірі» контейнерлік кемесі Фучжоудан жолға шықты. Төте жол Еуропаға небәрі 19 күнде жетуге мүмкіндік береді.
Бұл жол Далянь, Циндао, Шанхай, Фучжоу, Нинбо сияқты ірі ішкі порттарын қамтиды. Сонымен қатар Ұлыбританиядағы Felix, Нидерландыдағы Роттердам, Германиядағы Гамбург және Польшаның Гданьск сияқты негізгі Еуропалық хабтарға тікелей барады. Бұл Суэц каналының дәстүрлі бағытына қарағанда 20 күннен астам уақытқа ұтымды.
Жаңа маршруттың ашылуы кәсіпорындарға Еуропаға тауар тасымалдаудың көптеген нұсқаларын ұсынады.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online