- Барлық ақпарат
Тамаша жыл мезгілі – күзгі күн мен түннің теңелуі
23 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Баршаңызға сәлем, мен саяхатты жақсы көретін Сисимін! Күн мен түн теңеліп, күріш алқаптары алтын толқындармен толып жатқанда, біз күздің төртінші жыл амалы күзгі күн мен түннің теңелуін қарсы алдық. Күзгі күн мен түннің теңелуі, яғни «теңелу» сөзі тең бөлінуді білдіреді. Бұл күн мен түннің тең бөлінуін ғана емес, сонымен қатар күздің дәл ортасына жеткенін көрсетеді. Ол – ежелгі қытай халқының үйлесім мен жарасымдылыққа ұмтылған философиясын бойына сіңірген ерекше сәт. Қазір мен Хэйлунцзянның Учан қаласындамын. Сіздерді осы «күн мен түн теңелген күздегі» мол өнім мен өлеңдей өмірді тамашалауға шақырамын.
Учан егістіктерінде күзгі күн мен түннің теңелуі – егіннің ең қызған шағы. Күріштің ауыр жемістері сабағын иіп, алтын дәндер соққан желге тербеліп сыбырлайды. Комбайндар атыздары аралап, комбайн гүрілі фермерлердің күлкісімен астасып жатты. Кез келген күріш дәнін үзіп алып, қауызын аршып қалсаңыз, алақаныңызда меруерттей күріштер жылтырайды. Ал иіскесеңіз, мұрныңызға балғын күріштің иісі келеді. Бұл жер ананың бір жылғы қажырлы еңбекке сыйлаған ең шынайы тартуы.
Учанның күріш алқаптары күріш жинаумен айналысып жатқанда, әлемнің арғы жағындағы күзгі күн мен түннің теңелуінің де өзіндік ерекшелігі бар. Канададағы «үйеңкі жапырақтарының маусымында» адамдар жыл мезгілдерінің өзгеруін еске алып, үйеңкі жапырақтарынан ләззат алу үшін жаяу серуендейді. Бұл қытайлықтардың «күзгі серуен» дәстүрімен үндеседі; француз жүзім жинау маусымының шарап жасау дәстүрі де қытайлықтардың күзгі күн мен түннің теңелуіндегі күріш шарабын жасауға ұқсайды.
«Қарлығаш қайтса мекенге,
Күз келіпті екен де». Күзгі күн мен түннің теңелуі – маусымның шекарасына ұқсайды, бір жағы жаз соңындағы жылулық, екінші жағында күрең күздің әні; бұл сонымен қатар табыстың кезеңі, жердің жомарттығы және адамдардың келер күннен күткен үміті.
Сіз тұрған жердің күзгі күн мен түннің теңелуінде қандай көрініс болады? Көше бойы төгілген сары жапырақтар ма әлде дастарханда иісі аңқыған балдыр күріш пе? Күзгі сырыңызды бөлісіңіз, бірге күздің әсем сырларын ашайық!
people.cn © People's Daily Online