Қытайдың электрлік көліктерді зарядтау нарығы 50% өсті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 22 қыркүйек

Қытайдағы электр көліктерін зарядтайтын станциялардың жалпы саны 17 миллионнан асты. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 50%-дан астамға артқанын аңғартады.

Бұл құрылғылардың 4 миллионнан астамы жалпыға ортақ. Ал жеке қуаттағыштар саны 13 миллионнан асты.

Қытай автокөлік өндірушілері қауымдастығының мәліметі бойынша, биылғы жылдың алғашқы сегіз айында жаңа энергетикалық көліктерді өндіру және сату көлемі сәйкесінше 9,625 миллион және 9,62 миллион дананы құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 37,3% және 36,7% өсті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото