Үрімжіде «Шыңжаң ұйғыр автономиялық регионының құрылғанына 70 жыл толуына» арналған естелік маркалары таратылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 22 қыркүйек

22 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 21 қыркүйекте Үрімжідегі Шыңжаң мұражайында «Шыңжаң ұйғыр автономиялық регионының құрылғанына 70 жыл толуына» арналған естелік маркалардың тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл естелік жинақтың 3 данасы бар. Маркалардың толық жиынтығының номиналды құны 3,60 юань тұрады. Ал бүкіл ел бойынша жоспардағы шығарылатын маркалардың жалпы саны 4,9 миллион жиынтық.

Сол күні Шыңжаң мұражайында «Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионының құрылғанына 70 жыл толуына арналған филателиялық көрме» ашылды. Іс-шара 27 қыркүйекке дейін жалғасады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото