«Бейжің – Алашанькоу – Орталық Азия» пойыз желісі тұрақты жұмыс істеп тұр

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 22 қыркүйек

22 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Автокөлік бөлшектері мен ағынды суларды тазартуға арналған жабдықтары бар 55 дана 40 футтық контейнерлермен толық тиелген Орталық Азия пойызы 21 қыркүйек күні Бейжің теміржол логистикалық орталығынан жолға шығып, Қазақстанның Алматы қаласына бет алды. Бұл осы жылдың 11 қыркүйегінде «Бейжің – Алашанькоу – Орталық Азия» желісінің сәтті ашылғаннан бері ресми тұрақты жұмыс істегенін білдіреді. Бұл астананың халықаралық логистикасын батысқа қарай ашу үшін тұрақты және тиімді көлік дәлізіне айналды.

Статистикаға сүйенсек, осы жылдан бастап Бейжің теміржол логистикалық орталығы Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Әзербайжан сияқты 20-дан астам ел мен аймаққа жүк құны 200 миллион юаньнан асатын барлығы 15 Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызын жөнелтті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото