- Барлық ақпарат
Қытай компаниясы Қазақстанның су шаруашылығын цифрландыруға атсалысады
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Қытайдың Power China өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды, деп хабарлады Sputnik.
Құжатқа ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров пен Power China International директорлар кеңесінің хатшысы, Еуразиялық өңірлік штабтың вице-президенті Го Цзюньи қол қойды.
Құжат гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту және ирригациялық жүйелерді реконструкциялау, бірлескен бағдарламалар арқылы кәсіби кадрларды даярлау және тәжірибе алмасу, су шаруашылығын цифрландыру бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамытуды көздейді.
Сонымен қатар меморандум инвестициялар тарту, суды үнемдеу және ресурстарды тиімді пайдалану, ғылыми зерттеулер мен техникалық ынтымақтастық, сондай-ақ жерасты суын басқару саласындағы мамандар үшін оқыту және біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұйымдастыру сияқты бағыттарын да қамтиды.
people.cn © People's Daily Online