Рекорд: ҚР Алматы облысында әлемдегі ең үлкен түйе керуені өтті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 22 қыркүйек

ҚР Алматы облысы Іле ауданы Құрты ауылдық округінде «Әлемдегі ең үлкен түйе керуені – 2025» атты мәдени шара өтіп, Қазақстан Гиннес рекордын жаңартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Керуенге 1000 түйе қатысып, ұзындығы 1 шақырымдық арнайы дайындалған маршруттан өтті. Бұған дейінгі рекорд 2022 жылы Қытайда тіркелген болатын, онда 365 түйе жүріп өткен.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото