Қазақстан Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 19 қыркүйек

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы құжатқа қол қойды деп жазды KAZINFORМ.

Онда «Инновациялық қызмет саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне бере отырып, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалсын»-,деп жазылған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото