- Барлық ақпарат
17 қыркүйек күні Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі көрме басталады
17 қыркүйек күні Алматы Орталық Азиядағы тау-кен металлургия индустриясының орталығына айналады. Мұнда өңірдегі ең ауқымды көрме – Mining & Metals Central Asia 2025 өз жұмысын бастайды деп жазды Kazinform.
Көрмеге 30 елден 515 компания қатысып, мына бағыттар бойынша заманауи жабдықтар мен технологияларды ұсынады:
ашық және жерасты кен жұмыстары;
рудаларды байыту, металлургия және метал өңдеу;
талдау және зертханалық зерттеулер;
геологиялық барлау;
өнеркәсіптік қауіпсіздік;
арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету.
Іс-шара 17-19 қыркүйек аралығында «Атакент» көрме орталығында өтеді. Экспозиция 8, 9, 10, 11-павильондарда және көше алаңында орналасады.
Сонымен қатар «Жол және өнеркәсіптік құрылыс, коммуналдық техника» – KAZCOMAK 2025 көрмесі ұйымдастырылады.
Іскерлік бағдарлама аясында екі күн бойы тау-кен металлургия кешенінің болашағына қатысты негізгі пікірталастар өтеді. Онда инвестициялар, цифрландыру, логистика және халықаралық әріптестік мәселелері талқыланады. Сарапшылар тұрақты даму мен саланың трансформациясына назар аударса, CiDRA, Epiroc, NLT Europe, Proftec, Sandvik компаниялары тиімділік пен қауіпсіздікті арттыруға арналған практикалық шешімдерін таныстырады.
Көрме барысында инновацияларға да айрықша көңіл бөлінеді. Kcell Demo Day аясында IoT, 5G, жасанды интеллект пен киберқауіпсіздік саласындағы жаңа жобалар ұсынылады.
Ал «Композит» компаниясы тозуға қарсы қорғау технологиясына арналған жабық семинар өткізеді.
Халықаралық тәжірибені Ұлыбритания Елшілігі мен Германия қауымдастығы ұсынады.
people.cn © People's Daily Online