- Барлық ақпарат
ШЫҰ әрбір елдің дамуына жақсы серпін беретін алаң.
31 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Шанхай Ынтымақтастық ұйымының 2025 жылғы саммиті Тяньцзинь қаласында өтеді. Ең ауқымды халықаралық іс-шара 31 тамыз бен 1 қыркүйек күндеріне жоспарланған. Айта кету керек, бұл Қытай өткізіп отырған бесінші саммит.
Осыған қатысты Қазақстан ұлттық телеарнасының тілшісі Шерхан Жамбылдың пікірі:
«Дәл қазіргі жаһандану кезеңінде қарым-қатынасты күшейту маңызды. Кез келген мемлекет тұрақты дамуды көздейді. Қытай алып мемлекет. Сол себепті Қытайдың мындай маңызды мәлімдемелер жасауы тек біздің елге емес, өзге мемлекеттерге де үлкен мүмкіндік. Қытайдың философиясы - жалпы бейбітшілік, сауда-саттық, өзара пайда арқылы қарым-қатынасты дамыту.
Қазір қытай инвесторлары барлық мемлекетке белсенді инвестиция құйып жатыр. Әсіресе сауда-саттықты нығайтуда. Экономикалық байланыстар саяси, мәдени, тағы да өзге салалардағы серіктестіктің дамуына түрткі болады деп ойлаймын.
Ал, ШЫҰ осыған жақсы серпін беретін алаң».
people.cn © People's Daily Online