Follow Xi:«Тұнық су, жасыл тау бастамасына 20 жыл» — Қытайдың күн жылуынан электр өндіретін технологиясы жаһандық жасыл болашақты нұрландырды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 27 тамыз

27 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаң Құмыл аймағындағы 50 мегаватт балқытылған тұз мұнарасы күн жылу электр станциясындағы орталық эндотермиялық мұнарасының айналасында концентрлі шеңберде орналасқан 14 500-ден астам бесбұрышты гелиостаттары бар. Бұлар әдетте күнбағыс сияқты күнмен бірге айналып, жарықты шоғырландырып, жылу жинайды. Бұл Шыңжаңның Құмыл аймағындағы 50 мегаватт балқытылған тұзды мұнара күн жылу электр станциясы.

Оңтүстік Африканың Солтүстік Кейп өлкесінде ымырт үйірілгенде гелиостат баяу қалпына қайтып, 565℃ сақталған жоғары температуралы балқытылған тұз үздіксіз жылу арқылы электр қуатын таратады. Сөйтіп 24 сағат бойы аймақты үзіліссіз электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Африкадағы алғашқы 100 мегаватт фотоэлектрлік электр станциясы қытайлық компаниялардың қатысуымен салынып, Қытай-Африка жасыл энергетика саласындағы ынтымақтастықтың жаңа үлгісін көрсетті.

Ұшы-қиыры жоқ шөл далаға жасыл хикмет сыйлау-бұл жаһандық тұрақты дамуға қосқан Қытайдың парасаты мен жоспарының нақты жемісі.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің пікірінше: «Даму мен қорғау арасындағы байланысты шешу — бұл дүниежүзілік проблема және адамзат қоғамы дамуының алдында тұрған мәңгілік мәселе». Биыл «Тұнық су, жасыл тау — баға жетпес байлық» тұжырымдамасының қабылданғанына 20 жыл толады. Си Цзиньпиннің экологиялық өркениет туралы идеясын жетекші еткен Қытайдың қоршаған ортаны басқару тәжірибесі бүкіл әлемде жасыл дамудың негізін қалады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото