- Барлық ақпарат
Тяньцзиньде жасалатын орталық жылыту радиаторлары ШЫҰ елдерінің нарығына шыға бастады.
21 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тяньцзинь кеден қызметінің мәліметіне сәйкес, статистика бойынша 2025 жылдың қаңтар айынан бастап шілдеге дейін Тяньцзинь ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерге бақылаушы елдерге және диалог бойынша серіктестерге 19,5011 миллион юань орталық жылыту радиаторлары мен олардың бөлшектері экспортталды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 71,0%-ға өсіп, нарықтың тұрақтылығын көрсетті.
Жуырда Тяньцзинь қаласының Нинхэ аумағы қоймасынан жылыту радиаторлары мен қосалқы бөлшектері Қытай-Еуропа пойызы арқылы Қазақстанға жөнелтіледі. Болат радиаторларда «Орталық Азияның суық климатына бейімделген» деп белгіленген. Бұл Тяньцзинь жылу жабдықтары компанияларының ШЫҰ нарығына шығу кезеңіндегі ең жаңа жетістігі болып табылады.
Tianjin Jiuding Sunshine HVAC компаниясының клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджері Лу Нань өнімнің «Орталық Азиядағы -20℃ төмен температура, ұзақ уақыт жылумен қамтамасыз ету және жоғары қыздыру қысымын ескере отырып жасалғанын хабарлады. Оның айтуынша
судың жоғары қысымын жеңілдету үшін радиатордың жалпы құрылымы өзгертілген. Нәтижесінде жылу диссипациясы қарапайым өнімдерге қарағанда 20% жоғарылады.
Солтүстіктегі өндірістік қуатты қала ретінде Тяньцзиннің орталықтандырылған жылу жабдықтары өнеркәсібі ондаған жылдар бойы технологиялық тәжірибе мен өзіндік құн артықшылығына негізделіп келеді. Сондай-ақ, шикізатты өңдеуден, бөлшек жабдықтар өндірісіне дейінгі тұтас өнеркәсіптік тізбек бұрыннан қалыптасқан. Соңғы жылдары Орталық және Оңтүстік Азия, сонымен қатар басқа аймақтарда тиімді және берік жылу жабдықтарына сұраныс артып келеді. Бұл Тяньцзиньдегі тиісті кәсіпорындардың шетел нарығына шығуға мүмкіндік берді.
people.cn © People's Daily Online