- Барлық ақпарат
Қытай ШЫҰ-ға мүше елдерге импорт пен экспортты 3%-ға арттырды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 21 тамыз
21 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Биыл алғашқы жеті айда Қытай мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше басқа мемлекеттер арасындағы импорт пен экспорт көлемі 2,11 трлн юаньға жетті. Кедендік мәліметтерге сәйкес, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға өсіп, рекордтық деңгейге жеткен.
Шілде айында Қытайдың Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше басқа мемлекеттерге импорты мен экспорт көлемі 326,05 миллиард юаньды құрап, 8,5%-ға өсті. Бұл көрсеткіштің ауқымы мен өсу қарқыны бір жыл ішінде жаңа деңгейге көтерілді. Олардың ішінде экспорт 219,04 миллиард юаньды құрап, 6,8%-ға өсті. Ал, импорт 107,01 миллиард юаньды құрап, 12,3%-ға жоғарылады.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online