3 қыркүйекте өтетін әскери шерудің күн тәртібі жарияланды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 20 тамыз

20 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгін таңертең ҚХР Мемлекеттік кеңестің ақпарат басқармасы Жапонға қарсы соғыстағы жеңіске және фашизмге қарсы жеңістің 80 жылдығына арналған антифашистік әскери шеруге (3 қыркүйек) дайындықты таныстыру мақсатында баспасөз мәслихатын өткізді. Жауапты тұлғаның айтуынша, әскери парад тексеру рәсімі және парадтан өту сияқты екі кезеңмен жүзеге асырылады, ұзақтығы шамамен 70 минутты құрайды.

Тексеру рәсімінде - әскери шеруге қатысатын әскерлер Чанан даңғылында ретімен сапқа тұрып, Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы, Мемлекет төрағасы, Орталық Әскери Комитет төрағасы Си Цзиньпиннің тексеру рәсімін қабылдайды.

Парадтан өту рәсімінде - әскерилер Тяньаньмэнь алаңының әуе кеңістігімен туды алып өтеді, содан кейін жаяулар командасы, жауынгерлік ту командасы, жабдықтар тобы және әуе эшелоны ретімен өтеді.

Бұл жолғы әскери парадта 45 команда бар.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото