Қытай-Еуразия инвестиция және сауданы ілгерілету орталығының кешенді қызмет көрсету залы ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 19 тамыз

19 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 18 тамызда Үрімжі жоғары технологиялық индустриялық даму аумағының инновациялық алаңында Қытай-Еуразия инвестиция және сауданы ілгерілету орталығы кешенді қызмет көрсету залының ашылу салтанаты өтті.

Осы жылдың сәуір айында құрылысы басталған Қытай-Еуразия инвестиция мен сауданы ілгерілету орталығында мемлекеттік, құқықтық, қаржылық, іскерлік бағытты қамтитын тоғыз ірі кәсіби қызмет бар. Кешенді қызмет көрсету залы «Азия-Еуропа жұмасы» сияқты брендтік іс-шараларды өткізеді. Сонымен қатар салондарды, тренингтерді, алмасуларды және басқа да бірқатар іс-шараларды үнемі ұйымдастырады. Іс-шара кезінде Қытай-Еуразия инвестиция және сауданы ілгерілету орталығының Қазақстан және Тәжікстан филиалдары ашылды. Сондай-ақ, қалалық альянс бөлімшелерінің өкілдерін марапаттау рәсімі өтті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото