Үрімжіден Өзбекстанның Үргеніш қаласына тікелей жүк әуе рейсі ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 5 тамыз

5 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 4 тамыз күні Қытайдан Өзбекстанның Үргеніш қаласына тікелей бағытталған алғашқы халықаралық жүк әуе рейсі Үрімжі Тяньшань халықаралық әуежайында ресми түрде ашылды.

Әуе бағыты аптасына 2 рейс орындайды, бір жолдағы жалпы ұшу уақыты шамамен 4 сағатты құрап, бұл әуежайдан Өзбекстанға қос бағытта қатынайтын үшінші халықаралық жүк бағыты болды.

Үрімжі Тяньшань халықаралық әуежайының жүк желісі кеңейіп келеді, қазіргі уақытта 20 елге жетіп, бұл әуежай 31 халықаралық жүк бағытын басқарады. 2025 жылдан бастап әуежай порттарына Париж, Мадрид және Үргенішті қоса алғанда, 8 жаңа жүк бағыты қосылды. Жалпы 3000-нан астам жүк рейстері келіп-кетіп, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 535%-ға өсті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото