Шығыс Қазақстанға ШЫҰ елдерінің жастар делегациясы келді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 1 тамыз

Шығыс Қазақстан облысы халықаралық жастар диалогының алаңына айналды. Өңірге Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің жас көшбасшыларынан құралған делегация ресми сапармен келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ақпараттық агенттігі.

Сапар 2024 жылғы 4 шілдеде Астанада өткен «ШЫҰ плюс» форматындағы саммитте қол жеткізілген келісімдер аясында жүзеге асып жатыр. Ол саммитте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық сын-қатерлер жағдайында ұйымға мүше мемлекеттердің бірлігі мен бірлескен күш-жігерінің маңыздылығын атап өткен болатын.

Делегация құрамына Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан және Тәжікстан Республикаларынан келген жас көшбасшылар, еріктілер мен қоғам белсенділері кірді. Сапардың негізгі мақсаты - мәдениетаралық диалогты нығайту, жастар арасындағы әріптестікті дамыту және ортақ бастамаларды алға жылжыту.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото