Air Astana мен China Southern Airlines кодшеринг туралы келісімге қол қойылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 31 шілде

Air Astana мен China Southern Airlines әуекомпаниялары арасында кодшеринг туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Air Astana әуекомпаниясының ресми сайты.

2025 жылғы 29 шілдеде қол қойылған код-шеринг туралы келісім Алматыдан Бейжің, Үрімші және Гуанчжоуға, сондай-ақ Астанадан Бейжіңге орындалатын Air Astana рейстеріне және Пекиннен (Дасин әуежайы), Гуанчжоу, Үрімші және Сиань қалаларынан Алматыға, сондай-ақ Гуанчжоу мен Үрімшіден Астанаға орындалатын China Southern Airlines рейстеріне қолданылады.

Air Astana компаниялар тобының Бас атқарушы директоры Питер Фостер: «Қытай бұрыннан Air Astana үшін стратегиялық маңызы бар нарық. China Southern Airlines компаниясымен серіктестігіміз сауда, туризм және мәдени байланыстардың дамуына ықпал етіп, екі ел арасындағы авиациялық әріптестіктің жаңа кезеңін білдіреді»,- деді.

China Southern Airlines компаниясының Президенті және бас атқарушы директоры Хань Вэньшэн: «Air Astana компаниясымен жасалған кодшерингтік келісім Қазақстандағы қызметімізді кеңейтіп, рейстер жиілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл екі әуекомпанияның жақсы тұстарын біріктіретін стратегиялық серіктестік әрі «Бір белдеу - бір жол» бастамасы аясында Қытай мен Қазақстан арасындағы авиациялық ықпалдастықты дамытудың маңызды қадамы»,- деді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото