Камчатка түбегі жағалауында 8,8 балдық жер сілкінісі болды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 31 шілде
Камчатка түбегі жағалауында 8,8 балдық жер сілкінісі болды

Ресейдің Қиыр Шығысындағы Камчатка түбегі жағалауында 8,8 магнитудалы қуатты жер сілкінісі болды, деп хабарлайды 24.kz.

Соның салдарынан биіктігі 4 метрге жететін цунами толқындары көтеріліп, жағалау маңында орналасқан Солтүстік Курил қаласында тұрғын үйлер су астында қалды. Бірнеше ғимараттың қабырғасы сөгілген. Қазір оқиға орнына арнайы топ жетті. Жергілікті тұрғындарға қауіп туралы шұғыл ескерту жарияланды. Алдын ала ақпарат бойынша бірнеше адам ауыр жараланған.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото