- Барлық ақпарат
Қырғызстан Корея Республикасынан екі заманауи тікұшақ сатып алады
Қырғызстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі екі заманауи көпмақсатты Корея Республикасы өндірісіндегі тікұшақты сатып алу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.
Бұл туралы Қырғызстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Бообек Ажикеев мәлімдеді. Ол бұл шешімнің Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың тікелей тапсырмасымен қабылданғанын атап көрсетті.
Тікұшақтар Korea Aerospace Industries (KAI) компаниясы тарапынан жеткізіледі. Бұл кез келген ауа райына төтеп беретін, жоғары маневрлі машиналар, күрделі таулы және климаттық жағдайларда жұмыс істеуге арналған. Жаңа техника азаматтық қорғаныс, құтқару операциялары, медициналық эвакуация, гуманитарлық миссиялар және халықты қорғау бойынша басқа да міндеттерде қолданылатын болады.
— Бұл болашақтағы шығындарды болдырмау және адам өмірін құтқаруға бағытталған стратегиялық инвестиция,- деді Бообек Ажикеев.
Екі тікұшақтың құны шамамен 71 миллион АҚШ долларын құрайды, алайда маңыздысы — Корея Республикасы тарапынан ұсынылған тиімді қаржыландыру болды:
пайыздық мөлшерлеме: 0,1%;
қарызды өтеу мерзімі: 40 жыл;
жеңілдік кезеңі: 10 жыл (төлемсіз).
— Мұндай жағдайлар халықаралық стандарттар бойынша да сирек кездеседі. Әр мемлекет жоғары технологиялық техниканы осындай тиімді шарттармен сатып алу мүмкіндігіне ие бола бермейд- деп атап өтті ол.
Бообек Ажикеевтің айтуынша, қазіргі таңда бұл министрліктің қарамағында үш тікұшақтан тұратын авиациялық база бар, оның бірін Қырғызстан халықаралық келіссөздер аясында сыйлық ретінде алған.
Қазіргі таңда Қырғызстанда Корея Республикасының ресми банк делегациясы жұмыс істеп жатыр. Қырғыз тарапымен бірге тікұшақтарды сатып алу және техникалық-экономикалық негіздемені келісу бойынша соңғы келіссөздер жүргізіледі.
people.cn © People's Daily Online