Қытай өнері мен мәдениетіне ерекше назар аударылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 24 шілде

Алғашқы жартыжылдық Қазақстанның музей саласы үшін ерекше белсенді кезең болды. Қазақстандағы музейлер осы уақыт аралығында 800-ден астам түрлі форматтағы іс-шара өткізіп, халықаралық мәдени кеңістікпен ықпалдастықты нығайтты, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Қазіргі таңда Қазақстанда 270-тен астам музей жұмыс істейді. Олар тарихи-мәдени мұраны сақтау және жұртшылыққа насихаттау міндетін атқарады. 2025 жылдың алғашқы алты айында музейлерде 817 іс-шара ұйымдастырылды.

Музейлер кәсіби біліктілікті арттыру, жаңа аудиторияны тарту, мәдени білім мен зерттеу орталығы ретінде түрлі конференциялар, дөңгелек үстелдер, шеберлік сабақтары мен дәрістер өткізетін алаңға айналып отыр.

Саладағы маңызды жаңалықтардың бірі – ҚР Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі мен ҚР Орталық мемлекеттік музейіне «Ұлттық музей» мәртебесінің берілуі болды.

Бұған қоса, Астанада өткен Қазақстан музейлерінің ІІІ Конгресі мәдени мұраны сақтау, қалпына келтіру және цифрландыру мәселелеріне арналған кәсіби пікірталас алаңына айналды.

Қазақстандық музейлер халықаралық бастамаларға белсенді қатысып келеді.

2025 жылы Қытай өнері мен мәдениетіне ерекше назар аударылды. ҚР Ұлттық музейінде «Қытай өнерінің ой-мақсаттары» атты көрме және «Жібек және Жібек жолы: Қытайдан Қазақстанға» жобасы өтті.

Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Астанада Қытайдың Мәдениет орталығын ашу мәселесін де қарастырып жатыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото