- Барлық ақпарат
Қазақстанда машина жасау секторындағы өндіріс көлемі 4,6 трлн теңгеге жетті
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XII форумына қатысып, машина жасау және металл өңдеу бойынша VI Халықаралық арнайы көрмеде индустрия көшбасшыларының жетістіктерімен танысты.
Форумның ашылуында Премьер-министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзін оқыды.
Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі машина жасау саласының үлесі соңғы бес жылда 13-тен 19 пайызға дейін өсті. Былтыр өндіріс көлемі 4,6 триллион теңгеге жетті. Жаңа өнім түрлері шығарылып, тауар экспорты да айтарлықтай артты.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 10%-ға өсті. Осы жылдың I тоқсанында аталған көрсеткіш 17%-дан асты, бұл саланың жоғары әлеуетін және қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді.
people.cn © People's Daily Online