- Барлық ақпарат
ҚР Энергетика министрлігі Екібастұзда жаңа электр станциясын салуға тендер жариялады
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 25 сәуір
Қазақстанның Энергетика министрлігі Екібастұзда жаңа электр станциясын салуға тендер жариялады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
«Қазақстанның Энергетика министрлігі 2025 жылы Екібастұз қаласында (Солнечный кенті) қатты отынмен электр энергиясын өндіретін қуаты 2640 МВт конденсациялық электр станциясын салуға тендер өткізеді», - деп жазылған хабарламада.
Тендерге қатысуға өтінім инвесторлардан 2025 жылғы 25 сәуір сағат 09:00-ден бастап қабылдана бастайды. Ол 2025 жылғы 12 мамыр сағат 15:00-де аяқталады.
Тендер қорытындысы бойынша электр қуатының дайындығын қолдау қызметіне жеке тариф белгіленеді.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online